Әбдікәрімов С.Ә., Төлеуов Қ.Т. Газтурбиналы газ айдағыш агрегаттар: оқу құралы / С.Ә. Әбдікәрімов, Қ.Т. Төлеуов,- Алматы: New book, 2021,- 140 б.
Оқу құралында компрессорлық станциялардың (КС) табиғи газды сығу үшін пайдаланатын газтурбиналы ортадан тепкіш айдағыштарға байланысты мәселелер қарастырылған. Газтурбиналы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланатын компрессорлық станцияларға жеке нысан есебіңде сипаттама берілген. Сондай-ақ, әр түрлі таңғыштардағы газ айдағыш агрегаттардың (ГАА) қосылуындағы компрессорлық станциялардың технологиялық сұлбалары; газтурбиналы қозғалтқыштардың және газ айдағыш агрегаттардың түрлері; газ құбыры мен газтурбиналарның және газ айдағыштардың арасындағы өзара байланыстары қарастырылған. Газ айдағыш агрегат құрылымдарының ерекшеліктері және олардың сипаттамалары келтірілген.
Газ айдағыш агрегаттарды пайдалану процесінде оның техникалық күйін және қуатын анықтаудың әдістері мазмұндалған компрессорлық станциялардағы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланудағы сенімділік және тиімді көрсеткіштерге, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікке назар аударылған.
Бұл кітап оқу құралы ретінде – мұнай-газ мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.