Жұматаева Е.Ө., Төлеубекова Р.Қ., Сламбекова Т.С. «Абайдың педагогикалық дүниетанымы»: монография / Е.Ө. Жұматаева, Р.Қ. Төлеубекова, Т.С. Сламбекова. – Алматы: New book, 2021. – 316 б.
Абай Құнанбайұлының мұрасында педагогикалық, психологиялық, тәлім-тәрбиелік мәселелер талданып, зерттелінген. Дәйектеме ретінде кестелер, суреттер, матрицалар беріліп, нұсқалы тұрғыда «Адам бол», «Толық адам бол», «Қалыпты адам бол», «Кемелді адам бол» тұжырымдары ұсынылған.
Адамдық деңгейінің сатылары сараланды. Абай еңбектеріндегі ақыл-парасат парадигмасы негізінде жаңа білім мен дүниетаным көзқарасының модельдері құрылды.
Монография педагогикалық мамандықтар бойынша білімалушыларға және сала мамандарына арналған.