Турмаханбетова Ш.Ш. Территориялық маркетинг: Экономика мамандықтарының білім бағдарламалары білім алушыларына арналған оқу құралы / Ш.Ш. Тұрмаханбетова, Р.Е. Ағыбетова – Алматы:New book, 2021- 92 б.
Оқу құралында көрсетілген материалдар білім алушыларға практикалық сабақтарға, рефераттар, баяндамалар, эссе жазуға, сонымен қатар оқытушының тапсырмасына сәйкес өзге де түрдегі өзіндік жұмыстарды орындауға көмектеседі.
Территориялық маркетинг пәні жоғары оқу орыңдарының “Мемлекеттік және жергілікті басқару” бағыттары бойынша бакалавриаттың кәсіптік-білім беру бағдарламасының таңдау курстары бөліміне өте жиі кіретін пән болып табылады. Құралда территориялық маркетинг ұғымын, оны ұйымдастырудың теориялық және практикалық аспектілерін ашатын негізгі ережелер, аумақтарды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оның құралдары мен механизмдерін практикада қолдану қарастырылады.
Оқу құралы бес тараудан тұрады, олардың әрқайсысында теориялық материал, бақылау сұрақтары мен тапсырмалары, тесттер, сондай-ақ алынған білімді практикалық өзгертуді талап ететін тапсырмалар бар.
Әрбір тарауға: оған енгізілген ұғымдардың мазмұнын ашатын сөздіқ; бақылау сұрақтары мен өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар; оқытушы бағалайтын тест, сұрақтарға жауап; алынған білімді бекітетін практикум материалдары қоса беріледі.
Бұл оқу құралы территориялық маркетингті жүзеге асырудың көптеген тәсілдерін тақырыптап қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы аумақтардың маркетингтік әлеуетін арттыру бағыттарын көрсетеді.