Тогузбаев К.У., Мунасипов С.Е., Халметова Ш.Т. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету. Оқу құралы. «Medet Group» ЖШС. Қарағанды, 2021. – 242 б.
Оқу құралында жоспарланған сапалы өнімді шығаруда өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің орны мен мәселелері және өлшеу құралдарын қолдану әдісі мен рационалды таңдау сұрақтарын қарастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Метрологиялық қамтамасыз ету өлшеудің біркелкілігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің стандарттарымен және басқа да нормативтік-техникалық құжаттармен орнатылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылатыны және өлшеулердің талап етілетін дәлдігі мен біркелкілігіне қажетті нормалар мен ережелерді, техникалық құралдарды, ұйымдық және ғылыми негіздерді өндірісте тиімді қолдану манызды мәселелердің бірі ретінде оқу құралында көрсетілген.
Оқу құралы «Стандарттау және сертификаттау», «Метрология және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» мамандықтарының базалық пәнінің шегінде білім алатын студенттері үшін оқу курсын ұсынады және кадрларды дайындау, сонымен қатар, квалификацияны жоғарылату және магистранттар мен РҺО докторларды дайындау кезінде қолдануға мүмкіндік береді.