Ж.М. Нуржуманова, Р. У. Ашакаева , А.Н. Нурмухамбетова. Әлеуметтік экология және тұрақты даму: Оқу құралы. Алматы: ЖК «LP-Zhasulan», 2019.-184 б.
«Әлеуметтік экология және тұрақты даму» оқу құралында қоғамның әлеуметтік – экологиялық – экономикалық аспектілерін бір – бірімен байланыстыра отырып, «табиғат- адам – қоғам» жүйесінің үйлесімді тұрақты дамуға өтуінің теориялары, әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Оқу құралында әлемдегі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық мәселелердің пайда болу себептері, адамның табиғаттағы орны, бейімделуі, экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру, экономикадағы экологиялық бағыттар, тұрақты дамуға өтудің алғышарттары, индикаторлары, тұрақты дамуға өтудегі әлемдік қауымдастықтың бірлесе шешім қабылдауы жөніндегі мәселелер қамтылған.
Оқу құралы «Экология» мамандығының студенттеріне арналған.