С.К. Коштаева. Экология және тұрақты даму. Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. – 188 б.
Оқу құралында экология ғылымын оқытудағы мақсаты мен міндеті, экологияның заңдары, даму тарихы, биосфера, қоршаған ортаны қорғау, әртүрлі тіршілік орталарында мекен ететін ағзалар топтарының сипаттамалары берілген. Сондай-ақ, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаның ластану жағдайлары жайлы түсініктер берілген. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы мен оны шешу жолдары, тұрақты даму концепциясының негізгі қағидалары берілген.