Биология

Д.Б. Кусембаева. Биология. Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. – 192 б.

Оқу құралында жалпы биология, генетика, экология, бионика, селекция және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерге қалыптастыру және осы білімнің тәжірибеде қолданылуы қамтылған. Пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері қамтылып жазылған, оқу құралы студентке игеруіне ыңғайландырып тақырып бойынша сурет сілтемелерімен, қосымша материалдарымен, тест жиынтықтарымен берілген.

Оқу құралы 18 тараудан тұрады, әр тарау – тест жиынтығымен және термин сөздігімен пысықталған.