Сагитова Г.Ф. Табиғи және химиялық талшықтар өндірісі. Оқулық. «Medet Group» ЖШС. Қараганды, 2020 ж,- 236 б.
Бұл оқулықта табиғи, химиялық талшықтар және олардан алынған жіптердің, тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылысы берілген. Сондай-ақ иірім жіптердің қасиеттері, алынуы, өнделуі, боялуы және тігін бұйымдарын дайындауда қолданылатын матаның, трикотаждың, беймата материалдарының, табиғи және жасанды үлбірдің, тігін жіптері, желімдік, астарлық, іштік материалдардың, және табиғи, жасанды былғарының, фурнитуралардың, әрлеу материалдарының ассортименті қарастырылған. Сонымен қатар тоқыма материалдардың сапасы және бағалау негізі көрсетілген.
Оқулық «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы студенттеріне арналған.