Спабекова Р.С. Ядролық физика және элементар бөлшектер. Оқу құралы. Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020. – 95 б.
Ұсынылып отырған оқу құралы бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы және экология мамандығының студенттеріне арналған.
Физика курсы инженерлер дайындаудың теориялық негізі ретінде маман-инженерлерге ядролық физика және элементар бөлшектер салаларындағы ғылыми техникалық мәліметтерді меңгеруге, өз ісіне қолдануға мүмкіндік береді. Физика курсын меңгеру барысында студенттер негізгі ядролық физикалық заңдылықтарды және элементар бөлшектерді оқып-біліп, оны практикада қолданып үйренеді.