Спабекова Р.С., Омашова Г.Ш. Механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар: Оқу құралы. «Medet Group» ЖШС. Қарағанды, 2020. – 106 б.
Оқу құралы химия-технологиялық және инженер-техникалық мамандықтар үшін жалпы физика курсының бағдарламасына сәйкес жазылған.
Оқу құралы механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар бөлімін толық қамтиды. Әр бөлімге бақылау сұрақтары және өз бетінше шығаруға арналған есептер берілген. Физика курсын меңгеру барысында студенттер негізгі физикалық заңдылықтарды оқып-біліп, оны практикада қолданып үйренеді. Ұсынылып отырылған оқу құралы базалық пәнді меңгеруде студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауда ең басты көмекші құрал бола алады.