Кусембаева Д.Б., Уалшерова А.Н. «Биология» пәнінен студенттердің өзіндік жұмыс дәптері. Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. – 174 б.
Бұл жұмыс дәптері «Биология» оқулығына негізделіп дайындалды. Дәптерде студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игерген білімдерін бекітуте арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.
Студенттерге арналған «Жұмыс дәптерінің» басты мақсаты – студенттерді өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға уйрету.
«Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында студенттер көптеген біліктер қалыптасады:
1. Әр түрлі биологиялық диктанттар, сұрақтар, суреттерді, кестелерді толтыру, тест жұмысы арқылы оқушылар оқулықтан алған білімдерін молайтады.
2. Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.
3. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, биология пәніне деген қызығушылығы артады.
Жұмыс дәптерін пайдалану ережесі:
– берілген тапсырманы орындамас бұрын, оқулықтағы материалдарды меңгеру қажет,
– тапсырманың мазмұнын толық танысып, дұрыс жауап беруге тырысу керек;
– жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды сабақты пысықтау барысында және үйге тапсырма ретінде беріледі.
Мұғалім материалды алған білімді бекітуге де, сонымен қатар оқушылар білімін тексеруге де пайдалана алады.