Умирбаева С.Т., Рысжанова А.С., Абильмажинов Е.Т. Лабораторный практикум по программированию. Visual basic: оқу-әдістемелік құрал. — Алматы: «LP-Zhasulan» АЖ, — 2019. — 110 б.
Оқу құралы Visual Basic тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін оқып үйренуге арналған практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістерді қамтиды. Оқу-әдістемелік құрал мыналарды қамтиды: қысқаша теориялық материал, мысалдар, дербес компьютердің көмегімен орындалатын тапсырмалар, бақылау сұрақтары және әрбір тапсырмаға объективті баға беру барысында мұғалімге пайдалы болуы мүмкін бағалау критерийлері.
Оқу материалдарын пайдалану жоғары деңгейлі тілдерде практикалық бағдарламалау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралды университет оқытушылары, студенттер, мектеп мұғалімдері қоғамдық-гуманитарлық салада пайдалана алады.