Зоология-1

Б Батырова К.И., Майматаева А.Д- Зоология-1: Омыртқасыздар зоологиясынан зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. «LP-Zhasulan» АЖ.- Алматы, 2019. – 114 б.

Омыртқасыздар зоологиясы кез келген мамандықтың биологтары үшін негізгі пәндердің бірі болып табылады. Пәнді оқу кезінде теориялық білім мен зерттеу дағдыларының негізі қаланады. Жоғары білікті биолог мамандарды тиімді дайындау үшін теориялық оқумен қатар практикалық сабақтарда жануарлардың жеке объектілерімен таныстыруға көп көңіл бөлінеді.

Зоология бойынша әдістемелік нұсқаулар омыртқасыз жануарлардың негізгі жүйелі топтарының морфологиясы, анатомиясы туралы білімді тереңдетуге, гистологиялық бөлімдерден микроскопияның, диссекцияның, анатомияның заманауи әдістерін меңгеруге ықпал етеді; қарапайымдылар мен көп жасушалы организмдерді зертханалық жағдайда өсіру дағдыларын меңгеру.

Зоология – 1 5В011300-Биология бағыты бойынша бакалаврларды даярлауға арналған пәндердің кәсіптік цикліне енгізілген, сонымен қатар бакалавр – биолог мамандарын даярлаудың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.