Галиева А.Н. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі: оқу- әдістемелік құрал / А.Н. Галиева – Алматы: Эпиграф, 2021.- 264 б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі келешек жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға, сондай-ақ, тілдің дыбыстық мәдинетін тәрбиелеуге баулиды. Осындай міндеттерді қарастыра отырып, болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйретеді. Олардың тілін дамыту жүктемесінің мазмұнын, мақсаттарын қарастырады. Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.
«Мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» курсы студенттердің, магистранттардың кәсіптік функцияларын біліктілікпен орындауды қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік құрал «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне, магистранттарға, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген.