Нұғысова А., Жолтаева Г.Н. Болашақ мұғалімді 12-жылдық білім беруге көшу жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке даярлау. «Білім» бағытындағы мамандықтар бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал /А. Нұғысова, Г.Н. Жолтаева. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 252 б.
Бұл оқу-әдістемелік құралы мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология», «физика-математика» факультеттерінің барлық мамандықтарына ұсынылады.
Бұл құралда болашақ мұғалімді 12-жылдық білім беруге көшу жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке даярлаудың теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған. Бұл материалдар үш арнайы курстарға жинақталған. Оқу-әдістемелік құралда курстардың әрқайсысының оқу-әдістемелік кешендері: лекциялық, практикалық сабақтары, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары, сондай-ақ білімді бақылау, есепке алу және бағалауға қажетті материалдар ұсынылған.
Оқу-әдістемелік құрал кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық бағыттағы факультеттердің оқытушылары мен студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға арналған. Сонымен бірге білім беру мекемелерінің қызметкерлері, әдіскерлері және мектеп мұғалімдері үшін де пайдалы болады.