Тургенова О.М., Гатаулина Г.А. Экологиялық нормалау және сараптама негіздері: пәнінен құрылған қысқаша дәрістер жинағына / О.М. Тургенова, Г.А. Гатаулина.- Алматы: CyberSmith, 2021.-220 б.
Экологиялық нормалау және сараптама негіздері пәнінен құрылған жинаққа 10 тараудан тұратын дәрістер кірді. Атап айтқанда, экологиялық нормалаудың теориялық негіздері, экологиялық нормалау механизмдері, атмосфералық ауаның сапасы нормалау, су ресурстарының сапасын бағалау, топырақты экологиялық нормалау, тағам өнімдерін экологиялық нормалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ), экологиялық сараптама, экологиялық аудит және экологиялық сақтандыру. Әр тараудан кейін бақылау сұрақтары берілді. Дәрістерді құрастыру кезінде қолданылған әдебитеттер тізімі де дәрістер соңында көрсетілді.
Білім алушыларға халықтың экологиялық қауіпсіздігін, тұқым қорларының сақталуын қамтамасыз ету үшін, табиғат ресурстарын қалпына келтіру және ұтымды пайдалану мақсатында, табиғи ортаға рауалды әсер ету шамасын белгілеу үшін экологиялық нормалау, мемлекеттік экологиялық сараптама және аудит жөнінде теориялық білім беру, негізгі экологиялық сараптама және аудиттерінің бағалау жобаларын, анықтау факторларын, қоршаған ортаға тигізетін әсерінің шараларын жан – жақты қарастырып, білікті де білімді мамандар дайындауға көмектесу.
ҚР экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғатты қорғау және табиғатты тиімді пайдалануда зандылықтарды сақтау, экологиялық кодекске сүйене отырып жеке тұлғалармен, заңды тұлғалармен құжат алмасу тәртібін меңгеру. Пәнді оқу барысында суденттер түрлі экологиялық құжат түрлерімен, экологиялық бағдарламалармен танысып экологиядағы менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми ұғымдарды меңгеруі нәтижесінде кәсіби құзіреттіліктері қалыптасады.