Омаров Е.Б., Молдан Е., Ясынов Ж. Дене шынықтыру және спорт менеджменті: оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 356 б.
Оқу құралында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мәселердің келесідей бақылау түрлері мен әдістерін орындау талап етіледі: тақырыптық бақылау жұмысы түрінде іске асырылатын ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, аралық тесттер, жекелей және топтық презентация, зерттеу жұмысы (реферат), қорытынды емтихан қарастырылған. Сөз сөйлеу негізінде бағаланатын студенттің аудиториялық сабақта белсенділік көрсетуі міндетті болыл табылады және жекелей презентация мәтіні, презентация кезінде сөз сөйлеу және жұмыстың нәтижесін талқыға салу беріледі. Курстың соңында жеке зерттеу жұмысын қорғау қарастырылған: а). бірінші бөлім таңдалынған мәселенің тұжырымы мен дәлелдеуін, зерттеудің мақсаттары мен есептерін, жұмыстың ұйымдастыруының әдістемелік қағидасын анықтау, әдебиеттің қысқаша шолуын қосуы керек; б). екінші бөлім зерттелетін мәселенің талдауына арналады; в). үшінші бөлім жасалынған зерттеудің корытындылары мен нәтижелерінен тұрады; г) жұмыс курс біткенге дейін 2 апта бұрын тапсырылуы керектігі келтіріледі, жұмыс көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жағдайда баға 5%-ға төмендетіледі; д) жұмыс презентациясы әрбір студентпен соңғы оқу аптасы кезінде жүргізіледігі, презентацияны талқылауының талабы беріледі.
Оқу жұмысының көлемін құрайтындар материалдар: дәріс – 15 сағат, семинар-15, сабақтарына алдын ала дайындық, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауының, барлық бақылау түрлеріне міндетті түрде қатысу: күнделікті, аралық, қорытынды талаптары келтірілген. Сабақтан қалған студенттерге аудиториядан тыс уақытта оқу материялдарымен міндетті жұмыс жүргізу жағы қарастырылған.
«Дене шынықтыру және спорт менеджементі» атаулы оқу құралы 15 тақырыптан құрастырылып, барлығы 269 бетте жазылған. Аралық, ағымдағы және қортынды бақылаудың материалдары және оны орындауға әдістік ұсыныстар, тест тапсырмалары, емтихан билеттері, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Оқу құралы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талабына сәйкес жазылған.
Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен осы сала мамандарына арналған.