Есиркепова А.М., Тулеметова А.С., Агабекова Г.Н., Иманбаев А.А. Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық іс-әрекетті арттыру / Есиркепова А.М., Тулеметова А.С., Агабекова Г.Н., Иманбаев А.А. – Алматы: CyberSmith, 2021 ж. – 152 б.
Аграрлық өнеркәсіп кешені Қазақстан аймақтары үшін экономикалық және әлеуметтік мәні бар сала болып табылады. Бірақ сала көптеген инвесторлар үшін тартымдылығы төмен болып келеді. Аграрлық сектордағы қазіргі инвестициялау және АӨК инвестициялық тартымдылығының өсіміне қаржылық ресурстардың өткір тапшылығы, материалды-техникалық базаның әлсіз дамуы, халықтың төмен қабілетті сұранысы кедергі болып отыр.
Осыған байланысты экономиканың аграрлық секторына инвестицияны тарту тетігін және аймақтың АӨК инвестициялық тартымдылығын арттыру әдістерін жетілдіру бойынша зерттеу жүргізу ерекше маңызға ие.
Монография ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, мемлекеттік басқару органдарына және экономикалық факультет студенттеріне арналған.