Жапбаров А., Рахымбек Д., Жұмабаева Ә.Е. Оқытудың жалпы әдістемесі: ғылыми негіздері және оқыту үдерісі. Бірінші кітап / А. Жапбаров, Д. Рахымбек, Ә.Е. Жұмабаева – Алматы: CyberSmith, 2021. – 272 б.
Бұл оқу құралында оқытудың жалпы әдістемесінің оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары зерттелді. Онда оқыту үдерісінің ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері, жүйесі, ұстанымдары, құрылымы қарастырылды. Сондай-ақ оқытудың құрылымдық жүйесінің құрауштары, оқытудың мазмұны мен көлемін белгілеу, білім беру нәтижелері білік, икемділік, дағдыларын нақтылау және оны қалыптастыратын іс-әрекет жүйесі мен нәтижесін бақылау, тексеру, бағалау әдістемесі сипатталды.
Еңбек мұғалімдерге, студенттерге, магистрант пен доктаранттарға және оқыту жүйесін зерттеушілерге арналған.