Дюсекенева И.М., Джартыбаева А.Ш. Culture and art in human life: оқу-әдістемелік құрал/ И.М. Дюсекенева, А.Ш. Джартыбаева. – Алматы: CyberSmith, 2021.-120 б.
Әдістемелік құрал ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған. Әдістемелік құрал мәдениет пен өнердің лексикалық тақырыптарын қамтиды. Бұл оқу құралының негізгі мақсаты – оқушылардың сөздік қорын толықтыру, сонымен қатар алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.
Ұсынылған нұсқаулық үш бөлімнен тұрады. Бұл кешенге мәтіндер, мәтінді мағыналы анықтауға арналған жаттығулар, тақырыптық сөздіктер, сонымен қатар оқытылатын тақырыптар бойынша лексикалық және сөйлеу жаттығулары мен диалогтар кіреді. Жаттығуларды сабақта да, өзіндік жұмыс ретінде де қолдануға болады.
Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының тіл факультеттері мен ағылшын тілі кафедраларының екінші курс студенттеріне арналған.