Султанова Б.К. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің теориялық негіздері: Оқу құралы/ Б.К. Султанова; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Алматы: CyberSmith, 2021. — 112 б.
Берілген оқу құралында адам-оператордың компьютерлік жүйемен өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын қолданушылық және бағдарламалық-аппараттық интерфейстерді тандау мен жобалаумен байланысты мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Бұл әдістерге бірінші кезекте интерфейсті жобалауда қолданылатында, қолданушылық интерфейсті әзірлеу қағидалары, оператордың есептеу жүйесімен өзара-әрекеттесуі және т.б. жатады.
Оқу құралында қолданушылық интерфейсті жобалау, диалогтарды әзірлеудің негізгі теориялық қағидалары ұсынылады.
Оқу құралында тек негізгі, жиі қолданылатын технологиялар мен олардың құраушы бөліктері қарастырылған.
Оқу құралы 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының студенттеріне және 6М070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6М070300 “Ақпараттық жүйелер” мамандықтарының магистранттарына арналған.