Болысбаев Д.С., Джартыбаева Ж.Д. Ою-өрнектердің даму тарихы мен табиғаты: оқулық / Д.С. Болысбаев, Ж.Д. Джартыбаева. Алматы: CyberSmith, 2021.— 248 б.
Оқулық көне дәуірлерден, ежелгі дүние өнерінен бастау алған ою-өрнек әлемінің түрінің тарихы мен теориясы мәселелері қарастырылған. Ежелгі өнер шеберлері мен қолөнершілердің адам баласына қалдырған өте бай мәдени дәстүрлі мұраларын бір жүйеге келтіруге ат салысқан. Сонымен бірге оқулық табиғат ерекшеліктерге, ою-өрнектің құрылымына қатысты маңызды тұжырымдаманың бағытына байланысты негізгі теориялық принциптерді сипаттайды. Ою-өрнекпен тікелей байланысқан ең көрнекті еуропалық және шығыс мәдениеттерінің мысалында әр мәдениеттің ішіндегі ою-өрнекті қалыптастырудың кезеңдері мен оның тарихи дамуының негізгі кезеңдер қарастырылады.
Оқулық өнер мамандықтарында білім алып жүрген болашақ мұражайтанушыларға, сәулетшілерге, суретшілерге арналған. Мұнан басқа кітап кәсіби суретшілер, өнертанушылар, мұражай ісі және көркем қолданбалы шығармашылыққа қызығушылар үшін аса құнды болып табылады.