Әліпбаева А.А., Ханина Н.Н. Professional English for primary school teachers: оқу құралы/ А.А. Әліпбаева, Н.Н. Ханина. – Алматы: КиберСмит, 2021. – 168 б.
Оқу-әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына және 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған үлгілік оқу бағдарламасына негізделген.
Бұл оқу құралы бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған кәсіби ағылшын тілінің практикалық курсын ұсынады. Курстың негізгі мақсаты – болашақ мамандық саласында кәсіби диалог үшін қажетті шет тілі мен мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттер мен дағдыларды дамыту және қалыптастыру. Бұл практикалық курс болашақ мамандарға өз қызметінің белгілі бір салаларында негізгі концептуалды және категориялық аппараттарды және сәйкес терминдер жүйелерін меңгеруге көмектеседі, мәтіннің құрылымдық ұйымдастырылу ерекшеліктері шет тілінде сәтті кәсіби қарым-қатынастың негізгі дағдыларын қалыптастырады.