Cпорт өнерінің тарихы, түрлері және терминдері / История, виды и термины спортивного искусства. 1 Том

Амидов А.И. Cпорт өнерінің тарихы, түрлері және терминдері / История, виды и термины спортивного искусства. 1 Том: монография / А.И. Амидов,- Алматы: Эпиграф, 2019.- 360 б.

Монографияның алдына қойған негізгі мақсаты – спорт пен дене тәрбиесі мәдениетіне қатынасты терминдерді саралап, спорт түрлеріне талдау жасау, дене тәрбиесі мамандары үшін тиімділігін арттыру, спорттың ең көп тараған түрлеріндегі жиі пайдаланылатын сөз тіркестерін оқырмандарға, оқушы-студенттерге қарапайым тілмен жеткізу. Оқырмандар мен оқушы-студенттердің назарына ұсынылып отырған бұл еңбектегі мәліметтер тек қана дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемелерінен ғана түсініктер берумен шектелмей, спорт түрлерінің тарихы, биомеханика, психология, педагогика, гигиена, спорттық медицина ілімдерінде кеңінен пайдаланып жүрген сөздерге, сөз тіркестеріне түсініктеме береді және спорттың ең шыңы, әлемдік мәртебеге иелі спортшылар мен олимпиада ойындарының өткен жылдары, қай қала және қандай мемлекетте өткені туралы толық мәліметтер де қамтылды.

Монографияда спорттық ұғымдар дәл, нақты берілумен қатар, спорт жабдықтары мен спортшылар пайдаланатын құрал-саймандар түрінен де мәліметтер бар. Спорттық терминдерді дұрыс пайдалану жаттықтырушы мен спортшы арасындағы өзара түсінушілікке жағдай жасайды. Монографиядағы негізгі тарихи деректер спорт мамаңдары мен спортшыларға, спорт жанкүйерлеріне, спорт әлеміне жаңа қадам басқандарға, сол сияқты дене тәрбиесі мәдениетінен мамандар даярлайтын орта және жоғары оқу орындарының оқушы-студенттеріне де арналған.