Студент жастардың саяси мәдениеті

Саликжанов Р.С. Студент жастардың саяси мәдениеті: оқу құралы. – Алматы, Эпиграф, 2019. -92 б.

Оқу құралы автордың студенттер саяси мәдениетін зерттеу тәжірибесі негізінде дайындалған. Студенттердің саяси мәдениетін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері талданып, жастардың саяси мәдениеті қоғам әлеуметтік-саяси кеңістігінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. Автор жастар ортасында әлеуметік-мәдени үрдістерді басқаруға көмектесетін көптеген эмпирикалық материалдар жинаған.

Оқулықтың мазмұнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқыту ерекшеліктері ескерілген, кітап бөлімдері семестр бойы оқытуға арналған.

Оқу құралы «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студеттеріне, магистранттар мен докторанттарына «Саяси әлеуметтану», «Саяси мәдениет» пәндерін оқу барысында қолдануға арналған.

Сонымен қатар, әлеуметтанулық таным мәселелеріне қызығатын барша қауым оқулықтан өз керегін алады.