Баялы Ә.Т. Бағдарламамен қамтамасыздандыруды жобалау және құрастыру технологиясы: Оқу әдістемелік құралы.- Алматы: Эпиграф, 2019. – 228 б.
Компьютердің көмегімен жасалған абстрактілі модельдеу яғни, вербальдық, ақпараттық, математикалық модельдер – қазіргі күні ақпараттық технологияның бірі болып отыр, ал танымдық жоспарда ерекше күшті. Код әр типтің элементтері үшін кодты генерациялау қасиеттерінде көрсетілген параметрлерден және спецификациялардан диаграммалардан алынған информацияға негізделіп құралады.
Модельдеу проблемаларын талдау, барлық қызығушылығы бар жақтар арасында ақпараттардың алмасуы (қолданушылар, пәндік аумақтағы мамандар, аналитиктер, дизайнерлер және т.б.), программалық қолданбалар мен мәліметтер базасын жобалау, және документацияны дайындау үшін пайдалы құрал болып табылады. Модельдеу талаптарын жақсы қабылдауға, жүйенің дизайн сапасын жақсартуға және оны басқару деңгейін жоғарылатуға өз септігін тигізеді. UML – объекті бағдарланған жүйелермен құрастырылатын мәндердің документациясын белгілеу мен көріністендіру үшін қолданылатын тіл.