Балабеков Қ.Н., Балахаева Р.К., Қайнарбай А.Ж. Молекулалық физика және термодинамика. 1-бөлім. Оқу құралы. – Алматы: Эпиграф, 2019 -340 б.
Ғылым мен ақпараттық технологиялардың дамуы білім алушыларға қажет барлық білім беру пәндерін жоғары деңгейде жүргізуді талап етіп отыр. Бүгінгі таңда білім алушылар үшін мамандықтың типтік оқу бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарының оқытушылары дайындайтын пәннің оқу әдістемелік кешенінің дайындалу сапасына және олардың санының, әсіресе мемелекеттік тілде көп болуына көп көңіл бөлінуде. Сол себепті осындай сапалы да, жүйелі даярланған оқу әдістемелік кешендерді білім алушылармен меңгеру жоғары және орта оқу орындарында жүйелі түрде жүзеге асып жатса, ол үлкен бір жетістік болар еді. Осы орайда терең меңгеруге мүмкіндік беретін оқу бағдарламасының құрамына енетін оку кұралы физика пэнін оқитын білім алушыларға арналып жазылған.
Бұл ұсынылып отырған оқу құралы кіріспеден, молекулалық физика негіздерін баяндайтын он бес дәрістен,он бес практикалық сабақтан, пән бойынша өткізілетін аралық бақылау (бірінші және екінші), глоссарийден және қосымшалардан тұрады. Әр дәріс соңында бақылау сұрақтары, ал әр практикалық сабақта білім алушылардың өздері орындауға арналған тапсырмалар келтірілген, оларды білім алушылар өз беттерімен орындап, келтірілген мысалдармен салыстыра алады.
Оқу құралының мазмұны жоғары оқу орындарының білім алушыларының сұранысына сай келеді, тілі жатық, білім алушыларға түсінікті. Оқу құралының негізгі ерекшелігі – оның жүйелілігі