ТаубалдиеваЖ.Ш. Музыкаға оқыту әдістемесінің іс-әрекет түрлері. Оқу құралы. Алматы: Эпиграф, 2019 ж. -168 б.
«Музыкаға оқыту әдістемесінің музыкалық іс-әрекет түрлері» – атты оқу құралы-музыкалық білім мамандығының білімгерлеріне, тиянақты дайындықтарын ұйымдастыруға және әдістемелік жағынан жәрдем көрсетуге арналған. Болашақ музыка мұғалімдерін және магистранттарды кәсіби қызметке даярлайды.
Музыкалық іс-әрекет түрлерінің мазмұны және оларды ұйымдастыру мәселелері көкейкесті мәселе болып табылады. Мектептегі оқушылардың музыкалық іс-әрекеттері келесі бағытта болады, олар:музыканы тыңдау, музыкалық орындаушылық іс-әрекеті, музыканы шығаруы мен импровизадиялау, музыкалық-теориялық, музыкалық-тарихи, музыкалық көркемдік және музыкалық жанама іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен олардың сипаттарына арнайы назар аударылады. Сонымен бірге музыка сабағының тұтастай ұйымдастыру технологиясына, оның мақсатты бағытына байланысты өзгешеліктеріне, таңдалған оқу тақырыбына, мұғалімнің өзінің кәсіби шығармашылық ұстанымына да жоғары маңыз беріледі.
Оқу құралы студенттерге, музыка мұғалімдеріне сондай-ақ, мекемелер үшін музыка мұғалімдерін дайындайтын жоғарғы және орта көсіби оқу орындарының оқытушылары мен магистранттарға арналған.
Осы әдістемелік нұсқау музыка мамандығының студенттеріне, практика жетекшілеріне, әдіскер оқытушыларға,магистранттарға педагогикалық практика өту кезеңінде көмегі тиері сөзсіз.