Әбдіғапбарова Ұ.М., Байкулова А.М. Оқушы лидерді тәрбиелеу. Ұ.М.Әбдіғапбарова, А.М.Байкулова. -Алматы: Эпиграф, 2019 – 304 б.
Бұл монографияда лидер, лидерлік ұғымдарының мәні анықталады. Лидерлік типтері, түрлері қарастырылады. Лидерлік мәселесі қарастырылған шетелдік және отаңдық ғалымдар зерттеулері зерделенеді. Түркі ғұлама ойшылдардың лидерлікке берген сипаттамасы талданып беріледі. Оқушыларды жасөспірім кезеңінде лидерлікке тәрбиелеу ерекшеліктері негізделеді. Оқушы лидер тұлғасы анықталады және оған жан-жақты сипаттама беріледі. Оқушыларды лидерлікке тәрбиелеудің мәні мен құрылымы айқындалады. Оқушыларды лидерлікке тәрбиелеу технологиясы мазмұндалады. Сондай-ақ, олардың тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілгендігі баяндалады. Оқушылардың лидерлігі қалыптасуының деңгейін айқындайтын диагностикалық тесттер, сауалнамалар, ойын-тренингтер және жаттығулар жүйеленіп беріледі.
Монография білім беру саласын басқару органдарының қызметкерлеріне, мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілері мен әдіскерлеріне, жоғары оқу орны мен колледждердегі педагогикалық мамандықтағы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және ізденушілерге арналған.