Үсембаева Р.Б. Өзін-өзі тану. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Эпиграф, 2019. -248 б.
«Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік құралы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орнының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартының міндетті компоненті «Өзін-өзі тану» пән мазмұны негізінде жазылған және менің «Өзін-өзі тану» оқулығымның жалғасы ретінде осы пәннің семинар сабағына арналады. Оқу-әдістемелік құралы тақырыпқа орай студенттің өзіндік ізденістік жұмыстарына материалдар мен әдебиеттерді қамтиды. Бұлар студенттің білімін дербес тереңдетуіне мүмкіндік жасайды. «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орнының студентері мен оқытушыларына, қалың оқырманға арналады.