Стамбекова А.С. Практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту: Оқу-әдістемелік құрал. /А.С. Стамбекова. Алматы: ССК, 2020. – 228 б.
Жоғары оқу орнында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде олардың бастауыш мектепте математиканы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері мен әдістемесін меңгеру білігін қалыптастыру аса маңызды міндеттердің бірі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда жоғары оқу орнында бастауыш мектепте математиканы оқыту процесінде оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері жан-жақты баяндалған. Сонымен бірге практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі ұсынылған.
Оку-әдістемелік құрал бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттерімен магистранттарына, оқытушыларына және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.