Бахитова Р.А. Микробиология, вирусология пәнінен дәрістер жинағы. Оқу құралы. Алматы: ССК, – 2020. -156 б.
«Микробиология, вирусология» пәнінен дәрістер жинағы типтік оқу бағдарламасына сәйкес “Емдеу ісі”, “Акушерлік іс”, “Мейірбике ісі” бөлімдері үшін дайындалған. Дәрістер жинағында микроорганизмдердің дамуы, қасиеттері, инфекциялық процесс, иммунитет туралы мағлұматтар берілген. Сонымен қатар жеке микробиология бөлімінде ауру тудырушы микроорганизмдердің морфологиялық, өсімділік, ферментативті қасиеттері, резистенттілігі, антигенді құрылымы, токсин түзуі, патогенезі, алдын алуы қамтылған. Жеке вирусология бөлімінде вирустардың систематикасын, құрылысын, өсіру ерекшелігін, микробиологиялық диагностика туралы мәлімет қарастырылған. Құрастырылған дәрістер жинағы қазақ топ оқушыларына арналған. Аударма жұмысы сауатты, жоғары деңгейде жүргізілген.