Кабдулкаримова К. Органикалық химия: оқу құралы / К. Кабдулкаримова, Ж. Касымова.- Алматы: ССК, 2020,- 240 б.
Органикалық химия оқу құралы жоғары оқу орыңдарының химия , мамандығы студенттеріне арналып жазылған. Сонымен бірге оқу құралын химиялық технология, медицина, тағам өндірісі мамандығы студенттері қолдануларына болады. Оқу құралында көмірсутек қосылыстары, олардың құрылысы, реакциялық қабілеттіліктері мен қасиеттері, алифатты (май қатары) қосылыстарының карбон қышқылдарының, күрделі эфирлердің, майлардың, көмірсулардың қасиеттері мен алыну жолына үлкен көңіл бөлініп құрастырылған.
Оқу құралы он жеті тараудан тұрады, кредиттік технология бойынша оқу талабына сай жазылған. Білім алушының өздік жұмысына арналған тапсырмалар (БӨЖ), барлық дәріс тақырыптарын қамтитын студеттің білімін қорытынды бағалауға арналған тексеру сұрақтары және оқытушы қатысымен білім алушының орыңдауына арналған тапсырмалар (БОӨЖ), қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.