Байбосынова А.Т., Кабдрахманова С.К., Оразова С.С
Жалпы және анорганикалық химия практикумы: Оқулық. – Алматы: ССК, 2020. – 232 б.
Оқулық оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Оқулықта химияның негізгі ұғымдары, атап айтқанда атом-молекулалық ілім, атом құрылысы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі, химиялық байланыс түрлері мен реакция жылдамдығы және анорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының теориясы қарастырылып, зертханада жұмыс істеу техникасының ережелері, әрбір тақырып бойынша зертханалық жұмыс, бекітуге арналған сұрақтар мен жаттығулар берілген.
Ұсынылып отырған оқу құралы «География», «Экология», «Биология» мамандығы студенттері үшін «Химия», «Географиялық орта химиясы» пәндерін оқытуға көмек құралы ретінде қоршаған орта химиясын, анорганикалық химияның теориялық курсында өтілген материалдарды практика жүзінде терең меңгеруге арналған. Кітаптың бірінші басылымына едәуір өзгерістер енгізіліп, қоршаған орта химиясы мен экологиясы, атмосфера, гидросфера және литосфера компоненттерін талдау бойынша материалдар жаңа деректермен толықтырылды.