Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы: оқу құралы / Т.М Әминов. – Алматы: «Бастау», 2020. – 480 б.
«Қазіргі Қазақстан тарихы» оқу құралы үлгі оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқу құралында жоғары оқу орындарында қолданылатын дәстүрлі және кредиттік оқыту жүйелері бойынша негізгі тақырыптар қамтылған. Дәрістер курсында Қазақстан аумағында қазақ халқының мемлекет құрушы этнос ретінде нығаюы аяқталған және ұлттық мемлекеттілік қалыптасуының басты алғышарттарының бірі ретінде Қазақ хандығы орнаған кезеңнен бастап осы заманға дейін орын алған негізгі тарихи оқиғалар баяндалады. Оқу материалының негізгі тарауы республикамыздың қазіргі тарихының өзекті мәселелерін оқып-білуге арналғандықтан, әрбір тарихи үдерісті зерттеу тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-рухани өмірімен тығыз ұштастырыла жүргізіледі.
Әр дәрістің соңында бақылау сұрақтары берілген. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі оқу құралының соңында ұсынылған.
Оқу құралында, дәрістер курсынан бөлек, студенттердің семинар сабақтары мен дербес орындайтын жұмыстарына тапсырмалар, сондай-ақ түсіндірме сөздік-глоссарий берілген.
Бұл оқу құралы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар Отанымыздың тарихын білуге қызығушылық танытатын оқырмандарға арналады.