Таубаева Ш.Т., Мақсұтова И.О. Дидактикадағы инновация. Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2020. – 368 б.
Оқу құралында дәстүрлі және инновациялық дидактика, дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен педагогтің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қарастырылған. Педагогика саласында ғылыми ізденістердің мәнін, құрылымын, қызметтерін қарастырғанда ғылыми-педагогикалық таным үдерісінде белсенділік танытатын зерттеушінің субъектілігіне баса көңіл бөлінген. Оқу құралы 2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтті.
Жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері, ғылыми-қызметкерлеріне, сонымен қатар мектеп пен педколледждің зерттеуші мұғалімдеріне арналған.