Таубаеаа М.Е., Корганова С.С. Ұлтаралық қатынастардың қазіргі мәселелері. / Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2019. -164 б.
Бұл оқу құралында Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынастар саясатындағы, өзекті проблеманың құрамдас бөлігі ретінде зерттелген.Осы ғылыми еңбекте негізінен қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастағы келісім мен қатар ұлтаралық қарым-қатынастардың ерекшеліктерінің жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қоғамды өмірді демократияландыру саясатының және ұлтаралық қарым-қатынастар мен ұлттық идеяны қалыптастыру, Мәңгілік Ел процесіне тигізетін ықпалы және сонымен қатар барша қазақстандықтардың отаншылдық сезімін арттыру жолдары ашып көрсетілген. Қазіргі кезеңде Қазақстан Халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынаста жүргізіліп отырған саясатының алатын орны мен рөліне ерекше тоқталған.
Осы оқу құралы студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқушылар мен мемлекеттік өкімет құрылымдары, ғылыми мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ қалың оқырмандар қауымының қадесіне жарары сөзсіз.