Қолжетімді оқу залы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында қайта жаңғырған Қолжетімді оқу залы ашылды. Заманауи үрдіс рухани жаңғырумен сабақтасып, бүгінде цифрландыру кітапханалар жүйесіне де келіп жетті. Қолжетімді оқу залының ашылу мақсаты, әлемдегі дамыған елдердің кітапханасында ұсынылатын қызмет түрлері оқырманға қолжетімді болуы.


Қолжетімді оқу залы заман талабына сай жабдықталып, цифрлы жобалар енгізілген және оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне арналған коворкинг орталығы бар.


Шара аясында «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасы жалғасын тапты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Ердембеков кітапхана қорына 317 кітап, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Р.А.Бекназаров, Физика-математика факультетінің деканы А.Т.Аймукатов, Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Г.Б.Избасарова, Техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, Экономика және құқық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы 85 жылға 85 кітаптан тарту етті. Кітап табыстаушылар кітап беру мен алмасу мәселесі оқытушылар үшін де, ғалымдар үшін де, студенттер үшін де ерекше бастама екенін жеткізді.


Университет дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін кітапхана ардагерлері мен қызметкерлері университетіміздің 85 жылдық мерейтойына орай «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің еңбек ардагері» медалі, «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі және алғыс хаттармен марапатталды.


Шара колледж, мектеп кітапханашыларына арналған «Кітапхана жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтау және цифрлы жобалар енгізу» тақырыбындағы семинармен аяқталды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.