Этика

Маккиннон Б., Фиала Э. Этика: Теориясы мен қазіргі мәселелері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 868 бет.

Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кен талқыланады. Саланың теориясы мен практикасы ұштастырылып, тарихи және заманауи еңбектер мен дәстүрлі және қазіргі дереккөздерге негізделіп жасалған философиялық тұжырымдар кітапты қызықты ете түседі әрі оқырманның этикалық теориялар мен қазіргі моральдық пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделеп, өз бетінше зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Алуан түрлі пікір мен философиялық мәселелер талқыланатын кітапқа әлемге әйгілі философтар тұжырымы негіз етіп алынған.
Оқулық этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ қазіргі кезендегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып-білуге қызыққан оқырман қауымға арналады.