Азаматтық іс жүргізу: Медиация және арбитраж. II том

Эндрюс Н. Азаматтық іс жүргізу: Медиация және арбитраж. II том. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 408 бет.

Англиядағы азаматтық іс жүргізу бойынша үздік сарапшы саналатын Кембридж университетінің азаматтық және жеке құқық профессоры Нил Эндрюстің бұл кітабында азаматтық іс жүргізудегі мәселелер жан-жақты баяндалған. Автор дауларды реттеудің негізгі түрлерімен қатар, балама жолдарымен де таныстырған. Еңбекте сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі мәселелері мысалдар арқылы жан-жақты әрі практикалық тұрғыда түсіндірілген. Оқулықтағы кейстер Англия мен Уэльс қана емес, басқа елдердің азаматтық іс жүргізу құқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Кітапта азаматтық іс жүргізуге қатысты түрлі енбектерден дәйексөз бен библиографиялық сілтеме молынан берілген.
Бұл оқулық – құқық саласындағы кеңесшілер, судьялар, студенттер және осы салаға қызығатын барлық оқырман үшін таптырмас анықтамалық құрал.