Саясат философиясына кіріспе

Уолф Джонатан. Саясат философиясына кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 232 бет.

Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады. Сонымен қатар қазіргі қоғам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитив дискриминация және келер ұрпақтың құқықтары сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты қарастырылған.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл кітаптың тілі жатық әрі мазмұны қызықты. Саясат философиясының негізгі ұғымдарын танып, ұлы ойшылдардың көзқарастарын шолып, саяси ой кеністігін тереңдеткісі келетін студенттер мен қарапайым оқырмандарға бұл оқулықтың берері мол.