Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе

Бейлис Дж., Смит С., Оуэнс П. Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 652 бет.

Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смиттгің жетекшілігімен жинақталған бұл еңбекте халықаралық қатынастардың даму тарихына, негізгі теорияларына және жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады.
«Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітапта халықаралық қатынастар, жаһандану және әлемдік саясат ұғымдарына анықтама беріліп, халықаралық қатынастар жүйесіндегі акторлар мен қазіргі халықаралық тәртіптегі өзгерістер толық қамтылған. Сондай-ақ бұл еңбек халықаралық қатынастар саласындағы классикалық теориялармен қатар, жаңа теориялардың да талдануымен құнды. Кез келген тақырып теориялық тұрғыдан зерделеніп қана қоймай, тарихи мысалдармен, қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы оқиғалармен толықтырылған. Авторлар қандай да бір мәселе бойынша біржақты пікір қалыптастырмау үшін сыни немесе балама көзқарастарды қатар ұсынған.
Бұл кітаптың халықаралық қатынастар мамандығы студенттеріне, осы салаға қызығатын барша оқырманға пайдалы болары анық.