Интеллектуалдық меншік құқығы

Интеллектуалдық меншік құқығы. I бөлім

Авторы: Лайонел Бэнтли, Брэд Шерман, Филлип Жонсон
ISBN-10: 0199645558
ISBN-13: 9780199645558
Тілі: ағылшын
Баспасы: Oxford University Press
Жылы: 2014
Бет саны: 1440


Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон құқығы (ортақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалық одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, прецеденттік құқыққа негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап, сот шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға береді.

Бұл кітап болашақ құқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік құқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.