Макроэкономика

Паркин М. Макроэкономика. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 464 бет.

Бұл кітап – макроэкономика саласындағы ең танымал мамандардың бірі Майкл Паркин дайындаған оқу құралы. Автор жалпы ішкі өнім, экономикалық өсу, бизнес-цикл, инфляция, баға деңгейі, жұмыспен қамту, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс, мемлекеттік бюджет профициті мен дефициті сияқты мәселелерді зерделейді, әрі жаһандық экономикадағы алпауыт елдерді салыстырады. Ел экономикасының бағытын анықтау мен проблемаларын шешуде үкімет пен ұлттық банктердің негізгі рөлі айқындалып, ақша-несие саясаты және фискалдық саясаттың құрылымы сипатталады. Импорт пен экспорт, халықаралық сауданың экономикаға тигізер әсері мен салдарына тоқталады. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылған.
Кітап экономика, қаржы, маркетинг мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге, оқытушыларға осы такырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған.