Жеке қаражат

Гарман Е. Томас, Форг Е. Рэймонд. Жеке қаражат. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 632 бет.

Гарман Е. Томас пен Форг Е. Рэймондтың «Жеке қаражат» оқулығы – экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарын топтастырып жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.
Ақшаны тиімді жұмсаудың амалдары сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеу мен инвестициялауға, несиені басқаруға, салықты жоспарлауға, кредит картасы бойынша борышыңызды азайтуға септігін тигізіп, қаржылай тұрақты болашағыңызды қалыптастыруға көмектеседі. Сан түрлі қаржы мәселелерін қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыпты жан-жақты түсініп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықтың мақсаты – кіріс пен отбасылық бюджетті басқару, несие, инвестициялау, сақтандыру, зейнетақы жинағы мен салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке жетуді үйрету. Қазақ тіліне оқулықтың 13-басылымы аударылып, Қазақстанға бейімделіп дайындалды. Әр тарау Қазақстанға қатысты тиісті ақпаратпен, зандармен және кейстермен толықтырылған.
Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға және қаржысын тиімді басқаруға ниетті барлық оқырманға арналған.