Тарихи этнология

Лурье С. В. Тарихи этнология. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 500 бет.

Бұл оқулықта психологиялық антропология, этнопсихология, мәдениеттану, этнос экологиясы, дәстүртану тарихы баяндалады. Әлемнің этностық картинасы, оның құрылымы мен өзгеру механизмдері және функционалдық этносішілік конфликт, этностың өзін-өзі құрылымдауы теориялары орыс, армян, ағылшын, фин, түрік халықтарының тұрмысынан алынған тарихи очерктермен жан-жақты дәйектеліп беріледі. Сондай-ақ оқулықтағы әдіснамалық түсініктемелер тарихи және әлеуметтік материалдарды талдау үшін этнологиялық концепцияларды қолдану тәсілдерін көрсетеді.
Оқулық сала мамандарына, студенттерге және осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.