Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе

Эльзессер Т., Хагенер М. Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.-232 бет.

Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, құлақ және ми сияқты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.
Қазақстанда ұлттық кинематография қанат жайып, дамып келе жатқанда бұл енбектің бағыт-бағдарымызды айқындауға, әлемдік үдеріске араласуға, жаңа ағым-тәсілдердің, кино жаңалықтарының бел ортасында жүруге септігін тигізері сөзсіз. Басылымда негізгі ұғымдарды түсіндіруге арналған глоссарий қоса берілген.
Кітап гуманитарлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, сала мамандарына және кино теориясына қызығатын оқырманға арналған.