Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі: Оқулық – 7-ші басылым, өңделіп толықтырылған. – Алматы: CyberSmith, 2019. -312 б.
Бұл оқулықта дене тәрбиесі сабағы және спорт жаттықтыруларын, әртүрлі спорт шараларын оқу орындары мен спорт мектептерінде оқыту үрдісі туралы мәселелер кеңінен қамтылады. Жоғары білімді маманға қажетті теориялық мағлұматтар, негізгі ұғымдар, әдіснамалық жүйелер беріліп, жас ерекшеліктеріне байланысты адамдардың денсаулықтарын нығайту, қозғалысқа үйрету, жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін дамыту амалдары, әдістері, кағидалары, әдістемелері көрсетіледі.
Оқу құралы жоғары, арнайы орта оқу орындарының ұстаздары мен магистранттарына, студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне, спорт мамандарына арналған.