М.П. Асылбекова / Әлеуметтік психология: оқу құралы. Алматы: «АҚНҰР» баспасы. – 2017. – 206 б.
Оқу құралы «әлеуметтік психология» курсынан оқылған дәрістер мен тәжірибелік жұмыстардың жемісі болып табылады.
Оқу құралында әлеуметтік психологияның әдіснамасы, әлеуметтік психологиядағы өзара әрекеттесу, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас заңдылықтары, әлеуметтік топтардың психологиялық ұйымдастырылуы, тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас мәселелері мен әлеуметтік психологиялық практикумдар қарастырылды.
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттер, сонымен қатар әлеуметтік педагогтар, практик-психологтар, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, магистранттар пайдалана алады.