Мубараков А.М., Байгожанова Д.С. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері: оқу құралы. Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, 2018. – 138 б.
Оқу құралының негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулер жүгізуші мамандарды педагогикалық зерттеулер түрлерімен, магистрлік диссертациялар мен шағын ғылыми жобалар жасаудың негізгі компоненттерін анықтауға қойылатын әдіснамалық талаптармен, ғылыми жұмысты орындаудың әдістемесімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін ғылыми журналдарда жариялау ережелерімен және т.б. таныстыру. Әр тарау бақылау сұрақтарынан тұрады және олар теориялық материалды толық қамтыған, сонымен бірге, білім алушылардың өз еркімен жұмыс істеулері үшін тапсырмалар берілген. Ұсынылып отырған оқу құралында зерттеушінің педагогикалық мәдениеті мен шеберлігіне, оның ғылыми адалдығы мен этикасына ерекше назар аударылады.
Оқу құралы білім беру саласында жұмыс жасайтын болашақ мұғалімдерге, педагогикалық кадрларды дайындау саласында жұмыс істейтін мамандарға, магистранттарға, докторанттарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми қызметкерлерге құнды оқу құралы болады деген ойдамыз.